Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2025

Тұман және бұрқасын: сәуірдің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

0

Сәрсенбі, 30 сәуірде Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің бірқатар өңірлерінде найзағай соғып, жаңбыр жауады, кей жерлерде құмды дауыл соғады, ал солтүстік облыстарда үсік жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 9-14 метр/секунд, екпіні 15-20 метр/секунд, күндіз 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -1…-3°С (үсік), күндіз +12…+14°С.

Алматы - құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр және найзағай. Солтүстік-батыс желі 3-8 метр/секунд, екпіні 15 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +23…+25°С.

Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 8-13 метр/секунд, екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.

Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.

Ақтөбе - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -1…-3°С (үсік), күндіз +13…+15°С.

Атырау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде оңтүстік-шығыс желі екпіні 1-6 метр/секунд, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +16…+18°С.

Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С.

Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +0…+2°С, күндіз +10…+12°С.

Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 метр/секунд, екпіні 28 метр/секундқа дейін, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +0…+2°С, үсік -2°С дейін, күндіз +13…+15°С.

Қонаев - құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр және найзағай, құмды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 9-14 метр/секунд, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +23…+25°С.

Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 9-14 метр/секунд, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -1…-3°С (үсік), күндіз +11…+13°С.

Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, құмды дауыл. Солтүстік-шығыс желі 9-14 метр/секунд, екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +17…+19°С.

Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9-14 метр/секунд, түнде екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +12…+14°С.

Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде батыс, оңтүстік-батыс желі 15-20 метр/секунд, екпіні 28 метр/секундқа дейін, күндіз 15-20 метр/секунд, екпіні 23 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде -1…-3°С (үсік), күндіз +12…+14°С.

Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, солтүстік желі 7-12 метр/секунд, түнде екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +13…+15°С.

Талдықорған - құбылмалы бұлтты, кей уақытта аздаған жаңбыр. Солтүстік-батыс желі 5-10 метр/секунд, екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +23…+25°С.

Түркістан - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 8-13 метр/секунд, екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +24…+26°С.

Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс желі 9-14 метр/секунд, күндіз екпіні 18 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С.

Өскемен - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр және найзағай. Солтүстік-батыс желі 7-12 метр/секунд, түнде екпіні 20 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +13…+15°С.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса