Тоқаев шахтерлердің қазасына байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге және бүкіл Қытай халқына кеншілердің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
" Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында көмір шахтасында газ жарылып, салдарынан 90 адам қаза тапты.
