Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тек алкоголь емес: қандай дәрілер жолда жүргізушілерге қауіп тудыруы мүмкін?

0

Кейбір үйреншікті дәрі-дәрмектерді көлік тізгіндегенде, әсіресе жаз мезгілінде ішу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені аптап ыстықта ұйқышылдық, әлсіздік және зейіннің шашырауы күшейе түседі, бұл жүргізуші мен айналасындағылар үшін қауіпті. Tengri Auto тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінен қандай препараттарды қолданғанда аса сақ болу керектігін білді.
Жүргізушілер үшін қандай дәрілер қауіпті?
Бұл ретте мамандар автокөлік қобдишасында дәрі-дәрмектің болуы оларды жолға шығар алдында бірден ішуге болады дегенді білдірмейтінін ескертеді. Аллергияға, суық тиюге немесе ауырсынуға қарсы көмектесетін кейбір препараттар зейін қою мен реакция жылдамдығын уақытша нашарлатуы мүмкін.
Бұл, ең алдымен, мыналарға қатысты:

бірінші буынды антигистаминдік препараттар;седативті және ұйықтататын дәрілер;транквилизаторлар;кейбір ауырсынуды басатын дәрілер;суық тию мен тұмауға қарсы біріктірілген дәрі-дәрмектер.

Сондай-ақ құрамында кодеині бар препараттарды, кейбір миорелаксанттарды, құсуға қарсы және спирт негізіндегі дәрілерді қабылдағанда сақ болу ұсынылады.
Неліктен жазда дәрі-дәрмектің әсері күшеюі мүмкін?
Денсаулық сақтау министрлігі аптап препараттардың жанама әсерлерін күшейтуі мүмкін екенін атап өтті. Олардың қатарында ұйқышылдық, бас айналу, әлсіздік, қан қысымының төмендеуі және зейіннің нашарлауы бар.

"Ыстық ауа райында ағза сұйықтықты тезірек жоғалтады. Сусыздану салдарынан кейбір дәрі-дәрмектердің кері әсері ауырлау болуы мүмкін, бұл әсіресе көлік басқару кезінде өте қауіпті", - деп ескертті ведомство.

Жаз мезгілінде қандай препараттар жиі қиындық тудырады?
Жүргізушілерге мынадай дәрілерді қабылдағанда ерекше сақ болуға кеңес беріледі:

аллергияға қарсы препараттар;суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер;құрамында кодеині бар ауырсынуды басатын дәрілер;седативті және тыныштандыратын дәрілер;ішек инфекциялары мен улануға қарсы кейбір препараттар.

Министрлік кейде тек дәрі-дәрмектің ғана емес, адамның өз жағдайының да (дене қызуының көтерілуі, әлсіздік немесе сусыздану) қауіп төндіретінін ескертеді.Қазақстанда жүргізушілер үшін тыйым салынған дәрілер тізімі бар ма?Қазақстанда автокөлік жүргізушілеріне толықтай тыйым салынған препараттардың жеке тізімі жоқ.
Дегенмен өндірушілер нұсқаулықта дәрінің көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететінін көрсетуге міндетті. Денсаулық сақтау министрлігі жолға шығар алдында осы ескертулерді мұқият оқып шығуға кеңес береді.
Жүргізушілерге қандай кеңес беріледі?
Жүргізушілерге мынадай талаптарды орындау ұсынылады:

нұсқаулықты мұқият оқу;көлік жүргізуге қатысты ескертулерге мән беру;ұйқы қысқанда немесе бас айналғанда рөлге отырмау;дәрілерді алкогольмен араластырмау;ыстықта ішу режимін сақтау (суды жеткілікті мөлшерде ішу);созылмалы аурулар болған жағдайда дәрігермен кеңесу.

Сондай-ақ министрлік нұсқаулығында жүргізушілер үшін шектеулері жоқ препараттар салыстырмалы түрде қауіпсіз болып саналатынын еске салды. Мәселен, екінші буынның кейбір заманауи антигистаминдік дәрілері ескі буын препараттарына қарағанда ұйқышылдықты сирек тудырады.
Сондықтан алыс жолға шығар алдында қобдишаның құрамын тексеріп қана қоймай, өзіңіз қолданатын дәрілердің нұсқаулығын да мұқият зерттеп алған жөн. Кейде жолдағы қауіпті жағдайға көліктің ақауы емес, жанама әсерлері ескерілмей қабылданған қарапайым таблетка себеп болуы мүмкін.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса