Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2020

"Көгерген баспана". Тасқыннан зардап шеккендер жаңа үйдің сапасына наразы

0
Өзбекстандағы су апатынан зардап шеккен Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл тұрғындары мемлекеттің көмегімен салынған жаңа үйлердің сапасына сын айтады. Олар кәсібінен айырылып, табыссыз қалғанына да қапалы. Билік жаңа үйлердің ақауын жөндеуге уәде береді. Азаттық тілшісі тасқын болған аймақтағы елдің қазіргі жай-күйімен танысты.


"ҮЙДІҢ ІШІН КӨК БАСЫП, ШАТЫРДАН СУ СОРҒАЛАЙДЫ"


62 жастағы Баян Әбдуханованың отбасында жеті адам бар. Олардың төртеуі – кәмелет жасқа толмаған бала. Отбасы биыл мамырдың басында көрші Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылғанға дейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жеңіс ауылында тұрған. Апат салдарынан жойқын тасқын жайпап кеткен жүздеген үйдің арасында Баянның баспанасы да бар. Ала жаздай туыстарының үйін паналап күнелткен Баян Әбдуханованың отбасының жаңа үйге кіргеніне әлі екі ай болған жоқ.




Көктемдегі тасқыннан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының үй-күйсіз қалған 386 отбасына 19 қазанда Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакенттен жаңадан біркелкі салынған жеке тұрғын үй берілді. Мемлекет есебінен салынған үйлерге табиғи газ, жарық, ауыз су, орталық кәріз желісі, жол сияқты инфрақұрылым тартылған. Мектеп, балабақша, медициналық амбулатория мен полиция пунктін әлі салып жатыр.


Бірақ жаңа үйдің сапасына Баянның көңілі толмайды. Ол Азаттық тілшісіне қабырғасы дымқыл тартып, суланған жаңа үйдің ішін көрсетті.




– Үй берілген кезден-ақ көктің иісі шығып тұрды. Жауын жауғанда үйдің ішіне шатырдан су ақты. Қазір бұрыш-бұрышы көгеріп, қарайып кетті. Ішкі есіктердің бірде-бірі дұрыс жабылмайды. Әкімдікке де, құрылыс компаниясына да шағым айттық. Нәтиже жоқ. Не істейтінімізді білмей отырмыз, – дейді Баян Әбдуханова.


Тұрғын жаңа үйді тез өткізуге асыққан құрылысшылар оның сапасына көңіл бөлмеген деп санайды.




Азаттық тілшісі су тасқынынан зардап шеккендерге арнап Мырзакентте жаңадан салынған тағы он шақты үйге кіріп, олардың да жағдайы осыған ұқсас екенін байқады. Тұрғындар жаңа үйлерінің шатырынан су ағып, қабырғасы дымқыл тартып, бұрыштары көгергенін, кәріз құбыры дұрыс жұмыс істемей, жуынатын бөлмеден сасық иіс шығатынын айтып шағымданды.


Мұндай көрініс төрт көшенің бойындағы жаңа үйлерден бірнеше рет кездесті. Мысалы, Баян Әбдухановадан бөлек Айгүл Абуова, Гүлсара Тілеубаева, Шаңғытбай Өтешов пен Раушан Қазбековаға берілген үйлерді де көк басқан. Бәрінің сұрағы бірдей: үйдің сапасына жауапты кім, қашан жөндеп береді?




Мамырдың басында Өзбекстанның Сардоба су қоймасындағы апат салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық, Фердауси және Өргебас ауылдарын тұтқиылдан келген тасқын су басып, он мыңнан астам адам үй-жайын тастап, қашуға мәжбүр болды. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға мемлекет пен халық көмек берген.


"ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫҒА ҚАРАП ҚАЛДЫҚ"


Тұтқиылдан келген тасқын салдарынан үй-жайы, дүние-мүлкінен айырылып, бірнеше ай бойы баспанасыз жүріп, әбден күйісі кеткен жұрт әлі толық ес жимаған. Аудан орталығы Мырзакентте салынған жаңа үйге кіргенімен, ауыл тұрғындары үйреншікті кәсібінен ажырап, зейнетақы мен жәрдемақыға қарап қалғанына шағынады.


Бұрын егін салып, мал бордақылап нәпақасын тауып келген Жеңіс ауылының тұрғыны Нұржан Жәлелов тасқыннан кейін табыссыз қалған.




– Үкімет еккен егініміздің тек шығынын өтеп берді. Өнім алмадық. Малымның бірі суға кетті, қалғанын саттық, жоғалттық. Жарық, газ сияқты коммуналдық төлемдер енді келеді. Ал біз жұмыссыз, анамның зейнетақысына күнкөріп отырмыз, – дейді Нұржан Жәлелов.


Ол Мырзакенттен он шақырым жердегі Жеңіс ауылына барып, таңертеңнен кешке дейін мал бағып қайтатындар көп екенін айтады. Бірақ екі ортаға жүрудің өзі табысы жоқ адамға едәуір шығын. Көлігі жоқтар такси жалдауға мәжбүр.


– Әкімдік жұмыссыз қалған тұрғындарға жұмыс табуға көмектессе екен, – дейді Жәлелов.


Мақтааралда тасқыннан зардап шеккендер шығынның орны толмағанын айтады




"АУЫЛДЫ КӨРІП ЖАНЫМЫЗ АУЫРАДЫ"


Тасқын су алған бес елдімекеннің бірі Жеңіс ауылы Мырзакенттен он шақырымдай қашықта орналасқан. Ауылға алып баратын ескі асфальт жолдың екі жағындағы егістік жер қарайып тұр. Биыл қараусыз қалған егістіктің әр тұсында көктемде тасқын сумен бірге келген тұрмыс қалдықтары көзге шалынады. Арықтардың түбі қара шалшық. Су қиратып кеткен ауылда кейбірі үйіндіге айналған, кейбірі жартылай құлаған үйлердің орны жатыр. Бұзылмаған үй кемде-кем.




Асфальт төселген жалғыз көшенің шұрқ-тесік жолымен ауылға кіріп келе жатырмыз. Мектеп, балабақша, клуб сияқты әлеуметтік нысандар жабық тұр. Кейбірінің қабырғасы сөгіле бастағаны байқалады. Ауыл ішінде баяғыдай қызу тіршілік сезілмейді. Оқта-текте әр жерден иттің үргені естіледі, кей тұста бірер мал көзге шалынды. Кей үйлердің маңында шашылып жатқан балалардың сынған арбасы мен ойыншықтары, бүлінген үй жиһаздары, балшықта қалған ыдыс-аяқ, көрпе-жастық пен басқа заттар ауыл тұрғындарының тосыннан келген апаттан үдере қашқанынан сыр шерткендей.


Ауласын тазалап, ретке келтірген үй аз. Ондай үйлердің алдынан бірді-екілі адам көрінеді. Кейбіреуі тасқын құлатып, үйіндіге айналған, тек іргетасы ғана қалған үйлердің ауласына мал қора салып жүр. Ауыл ішінде кездескен адамдардың көбі Азаттық тілшісімен сөйлесуге құлық танытпады.




Жасы 50-ге таяған Берікбай Жұбаев Жеңіс ауылының шетіндегі үйде тұрған. Мамырдағы тасқын саманнан салынған үйді құлатып кеткен. Үйдің орнында қазір шатыр, ағаш, бетон сынықтары үйіліп жатыр. Үйінді астынан үй жиһаздары, кілем, жыртылған перде көзге түседі. Осы үймен көрші тұрған оннан аса үйдің де қазіргі сиқы осындай: жермен-жексен болып, іргетасы ғана қалған. Кейбірінде қоршауы ғана тұр.


– Міне, көріп тұрсыз. Үй жоқ. Сынған құрылыс материалдарын алып, шағын қора соқтық. 5-6 малды сылтауратып күнде осында келеміз, күйзелеміз. Ауылды көріп жанымыз ауырады. Малды сатып жіберейін десек арзан. Келіп-кететін уақытымыз бен шығынымызды ақтамаса да күнде ішетін 2-3 литр сүтті сауып алып кетеміз, – жүзі жабырқау Берікбайдың даусы құмығып шықты.




Ата қонысын қимайтын жалғыз Берікбай Жұбаев қана емес. Тасқын үй-жайын жайпап кетсе де, Жеңіс ауылында тұрып, үйреншікті кәсібімен айналысқысы келетіндер аз емес. Кейбіреуі үй болмаса да, ауылда мал қорасын тұрғызып жатыр.


Осы ауылдың тұрғыны Темірбек Иманбетовтің үйі тасқыннан кейін тұруға жарамсыз деп танылған Жеңістегі үш жүзге жуық үйдің бірі. Бірақ ол анасымен бірге үш айдан бері сол үйін тазалап, жарылған қабырғасын жамап жүргенін айтады. Су бұзып кеткен мал қорасының орнына жаңадан қора тұрғызу үшін құрылысшы жалдапты.




Темірбек биылғы жылдың басында несие алып, жылыжай салғанын, бірақ онысын тасқын тып-типыл қылғанын айтады. Ол көлденең келген қиындықта қалған бес ауылдың жұртына коронавирус індеті кезіндегі карантин мен табыссыз қалғанына қарамай көмек қолын созған бүкіл халықтың жақсылығын атап айту керек деп санайды. Ал мемлекеттің егін егіп, мал асырап күнін көріп отырған жұрттың тек шығынын ғана өтеп бергенімен шектелгеніне көңілі толмайды.


– Егіндік жердің әр гектарына берілген өтемақы тек шығынды ғана жапты. Мысалы, мен жылыжай салып, шамамен 2 миллион теңге жұмсап, егін ектім. Ол туралы құжаттар мен түбіртектерді Мақтаарал аудандық әкімдігіне тапсырдым. Өтемақы беріле ме, жоқ па, ол жөнінде әлі күнге жауап болған жоқ, – дейді ол.




Жеңіс ауылында жиырма шақты отбасы көктемгі тасқында бүлінген үйін жаз бойы жөндеп, қабырғасын жамап, сылап, есік-терезесін бітеп алған. Темірбектің әйелі мен балалары сияқты олардың да бала-шағасы Мырзакентте өкімет салып берген жаңа үйде тұрып жатыр, өздері ауылдағы қара шаңырағында отыр.


ӘКІМДІКТІҢ УӘЖІ


Мырзакентте жаңадан салынған үйлерге кірген тұрғындардың шағымын аудан әкімдігі растады. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанхановтың айтуынша, Сардоба су қоймасы жарылып, техногендік апат салдарынан Мақтаарал ауданындағы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық, Өргебас пен Фердауси ауылдарының тұрғын халқы зардап шеккен. Өргебас ауылы (197 үй) мен Фердауси ауылы (314 үй) тұрғындарының өтініші ескеріліп, әр отбасына үй салып алуына 17 миллион теңгеден берілген.




Ал Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық ауылдарындағы 386 отбасына аудан орталығы Мырзакенттің шетінен жаңа үйлер тұрғызылды. Барлығы біркелкі салынған жеке тұрғын үйдің екі жатын бөлмесі, бір қонақ бөлмесі, асханасы мен жуынатын бөлмесі бар. Жалпы көлемі – 100 шаршы метр. Үй маңындағы жерінің көлемі – 8 сотық. 290 үй кәсіпкерлердің көмегімен, 96 үй мемлекеттің есебінен салынған. 19 қазан күні барлық үй пайдалануға берілген. Салынған үйдің сапасын аудан әкімдігі қадағалаған.


– Үй сапасына байланысты шағымдар болды. Жауын-шашын кезінде 10-15 үйден су ағып, ақау шықты. Мердігер компаниялар ақауды қалпына келтірді, – дейді Сұлтанханов.


Ол тасқын салдарынан малынан айырылғандарға да шығыны өтелгенін айтты. Шенеуніктің сөзінше, өлген малы жайлы тиісті құжат ұсынған тұрғындарға өтемақы төленген.




– Ұсақ малға 15-45 мың теңге мөлшерінде, ал ірі қараға 160-220 теңге көлемінде өтемақы төленді. Иесіне өлген малына өтемақы құжаттары бойынша төленді, – деді ол.


Әкім орынбасары жаңа үйлердің дым тартып, көгеруінің себебін "тұрғындардың ет асып, тамақ істегенінен" көреді. Оның пікірінше, үй желдетіп тұрса, іші буланып, су жиналмайды. "Бірақ көгерген үйлердің бәрін мердігер компаниялар қалпына келтіреді" деп сендіреді шенеунік. Ол нақты қанша үйдің іші көгергені туралы әкімдікте әзірге ақпарат жоғын айтты.


– Тұрғындардың бұрынғы үйлері мен жер телімдері иелігінде қалды. Қосалқы шаруашылық ретінде мал бағып, құс асырауға, егін егуге рұқсат етілді. Бірақ ондағы (Жеңіс ауылындағы – ред.) үйдің бәрі жарамсыз деп танылған, тұру қауіпті. Көшіп келген тұрғындардың әрқайсысы бұрын өзі жасап жүрген жұмысын істеп, яғни егін егіп, мал бағып жүр, – дейді Сұлтанханов.




1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы жарылып, салдарынан көрші Қазақстандағы шекараға жақын орналасқан бес ауылды су алды. Апатқа байланысты 2 мамырда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.


Ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан 900-ге жуық үй жарамсыз деп танылып, 5624 гектар егіндік жерді су басты. Егілген егін түріне қарай тасқыннан зардап шеккен диханға әр гектар жерге 188 мың теңгеден (мақтаның әр гектарына) бастап 1 миллион 311 мың теңге (капустаның әр гектарына) өтемақы берілген. Тасқын кезінде 941 бас мал өлгені анықталған, оның 141-інің иесі – Қазақстандағы ауыл тұрғындары, қалған мал өлексесі Өзбекстаннан ағып келген. Апаттан зардап шеккен адамдардың әрқайсысына мемлекет 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берген.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?

Фестиваль «Песня года» 2024 состоится в ДС «Мегаспорт» в Москве

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?


Осень или организм: врач объяснил, кто виноват в усиленном выпадении волос

Почему туристов в Сочи называют странным словом  «бздых»

Трещит голова и тотальная слабость: Доктор Кутушов объяснил, как метеозависимость влияет на наше состояние

Кристина Орбакайте ставит точку в своих отношениях с Россией


Inexperienced Secret service agent called tech support hotline for help piloting drone ahead of Trump rally shooting: bombshell report

Just hours left for thousands of hard-up households to get £100s worth of white goods or new boiler – how to claim now

Every time we go on holiday my husband ogles other women on the beach

My mother and I were still estranged when she died in 2019. I went to a medium to connect with her and it brought me closure.


Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

На Неву вернулся один из первых речных трамвайчиков Петербурга

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?

Для ремонта дорог в Петербурге в 2025 году ищут подрядчиков


Elgato Game Capture Neo review

New California law inspired by Ubisoft and Sony requires retailers to warn consumers that the digital games they buy can be taken away at any time

Мультиплеерный данжен-кроулер Greedy Wizards: Speed Dungeon вышел в новой стране на iOS и Android

Ранняя версия Mini Empire: Hero Never Cry с русским языком доступна в Google Play



Фестиваль «Песня года» 2024 состоится в ДС «Мегаспорт» в Москве

Знаки зодиака: Москвички предпочитают украшения со львом

Предложение новостроек в «старой» Москве за год выросло на 15%

Стало известно, где живут самые щедрые женихи в России




Фестиваль «Песня года» 2024 состоится в ДС «Мегаспорт» в Москве

Работодатели в РФ стали реже отказывать в найме людям старше 50 лет

В туалете самолёта до Самары скончался пассажир

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?


Демонтаж недостроенного ТЦ на въезде в Одинцово выполнен на 90%

В Ульяновске экстренно сел самолет, летевший в Самару из-за смерти пассажира

В Самарской области тушат лесной пожар на площади 57 га

Стало известно, где живут самые щедрые женихи в России


Шнайдер проиграла Френх в третьем круге турнира WTA в Пекине, взяв сет под ноль

Рахимова обыграла Биррелл и вышла во второй круг WTA 1000 в Пекине

Пекин (ATP). 2-й круг. Котов сыграет с Коболли, Сафиуллин – с Синнером, Медведев – с Маннарино

Янник Синнер не приедет на турнир ATP-500 в Вену


В Госдуме допустили увеличение маткапитала в 2025 году до 646 тысяч рублей

Жители России начали массово бронировать туры в Белоруссию на Новый год

Нижний Новгород вошел в ТОП-5 лидеров климатической повестки городов РФ

Терапевт Попова рассказала, как долго заразен человек при гриппе


Музыкальные новости

В Москве ежегодно состоялся юбилейный, всероссийский, патриотический гала-концерт «Проза и поэзия» «Россия - семья семей»

Озвучено, сколько заработал музыкант Юрий Башмет на своей фирме

Оперная труппа и симфонический оркестр Приморской Мариинки выступят в субботу на центральной площади Владивостока

Кристина Орбакайте ставит точку в своих отношениях с Россией



Предложение новостроек в «старой» Москве за год выросло на 15%

Где найти запчасти на китайские авто?

Стало известно, где живут самые щедрые женихи в России

Знаки зодиака: Москвички предпочитают украшения со львом


Легенда мирового хоккея Игорь Ларионов - амбассадор бренда "Лошадиная сила"

Спартак Кострома - Енисей. Гол и лучшие моменты (видео). FONBET Кубок России по футболу сезона 2024-2025 гг. Футбол (видео)

В Москве ежегодно состоялся юбилейный, всероссийский, патриотический гала-концерт «Проза и поэзия» «Россия - семья семей»

Петербург может стать столицей БРИКС


Певица Натали Орли вернулась к истокам

Достигнута договоренность об увеличении финансирования содержания трасс Колыма и Вилюй

Проверка подлинности автозапчастей: алгоритм

Где найти запчасти на китайские авто?


Лавров: решения Запада по ударам вглубь РФ покажут, как услышали Путина




Лавров заявил, что ФРГ молчат на запрос РФ показать, как лечили Навального


У вас “кортизоловое лицо”? Разобрался в вопросе токсиколог Кутушов

Мы не просто создаем продукты, мы решаем проблемы: Екатерина Паршина о "Симбионтах Кутушова"

Трещит голова и тотальная слабость: Доктор Кутушов объяснил, как метеозависимость влияет на наше состояние

Токсиколог Кутушов рассказал, как не запутаться в витаминах D и D3


The Spectator: Зеленский обвинит Запад в предательстве

Пресс-секретарь Зеленского: граждане РФ первыми узнают о разрешении Киеву бить вглубь России


Современные тренажёры и трибуна для зрителей: Большой парк для собак открыли на юге Москвы

Представители Росгвардии поздравили воспитанников Центра спорта и образования «Самбо-70» с принятием торжественной клятвы

Олимпийские ценности: доступное жилье в Иваново сдадут по улучшенному стандарту

«Динамо» (Махачкала) — «Динамо» (Москва): когда начало, где смотреть онлайн матч 10‑го тура РПЛ, 29 сентября




Сергей Собянин. Главное за день

Собянин пригласил москвичей посетить павильон «Умный город» на ВДНХ

Собянин рассказал о реставрации объектов культурного наследия

Собянин: Реставрация 14 жилых домов завершится в этом году


В царстве растений. Самая большая коллекция магнолий в России собрана в Гагаринском районе


В Госдуме допустили увеличение маткапитала в 2025 году до 646 тысяч рублей

Нижний Новгород вошел в ТОП-5 лидеров климатической повестки городов РФ

Труп мужчины нашли в туалете летевшего из Москвы самолета

Терапевт Попова рассказала, как долго заразен человек при гриппе


В Архангельске возобновилась реконструкция международного аэропорта в Талагах

ТСД SAOTRON RT41 GUN: практичный, производительный, надёжный

В Гидрометцентре прогнозируют температуру на 6-10°С выше нормы в нескольких регионах России

В пропавшем в Архангельской области вертолете находился депутат Сметанин


Прогноз погоды в Крыму на 26 сентября

В Симферополе появится новый бизнес-центр “Крымский”

Под Симферополем продолжается строительство нового крупного микрорайона

Творческая композиция «Диво дивное руки творят».


Метафизическое путешествие Андрея Дмитриева — «Ветер Трои: Роман-маршрут»

Демонтаж недостроенного ТЦ на въезде в Одинцово выполнен на 90%

Стало известно, где живут самые щедрые женихи в России

Терапевт Попова рассказала, как долго заразен человек при гриппе












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Сафиуллин проиграл Синнеру и не смог выйти в четвертьфинал теннисного турнира в Пекине






Сопрано Ольга Перетятько получит почетное звание «Kammersängerin»

В туалете самолёта до Самары скончался пассажир

Тематические экскурсии в «Москино» доступны для жителей и гостей столицы

Сёмин назвал футболистов, которые достойно представляют Россию за границей