Алматыдағы Halyk Arena-да өрт шықты
Редакцияға кешеннің ішінен түсірілген видео келді. Кадрларда дәлізді қою түтін басқаны көрінеді. Оқырманның айтуынша, оның ұлы сол жерде хоккеймен айналысады. Бапкер ата-аналарға жаттығулар болмайтынын айтып, оқиға орнынан видео жіберген көрінеді.
Алматы ТЖД өрт туралы ақпаратты растады. Хабарлама 27 ақпанда сағат 12:35-те түскен.
"Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 3-блок екінші қабаттағы әкімшілік кабинеттің 8 шаршы метр аумағында шыққан өртті қызметкерлер ішкі өрт кранын пайдалану арқылы сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!