Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

“Борышкер блогерлер тізімі“: Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады

0

Ішкі істер министрлігі желіде жарияланған "борышкер блогерлердің" тізімін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengri Life ресми сауалына берген жауабында министрлік өкілдері әлеуметтік желіде тараған тізімге қатысты пікір білдірген. Мәліметке сүйенсек, бұл ақпаратты тарату дерегі тіркеліп, әрі қарай Астана Полиция департаментіне жіберілген.

"Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату дерегі ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, материал Астана қаласының Полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарау барысында осы тізімнің шынайылығын анықтау бойынша шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство тексеріс қорытындысы бойынша соталды тергеуді бастау туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова салық органдарына қазақстандықтардан шағым түскенін мәлімдеді. Ол блогерлерге хабарламалар 2025 жылғы ақпанда 2022 және 2023 жылдардағы деректерді талдау нәтижесінде жіберілгенін айтты.
Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан кейін де әлеуметтік желілерде тарап кеткен блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдіріп, бұл тізім ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салық тексерісіне қатысы жоқ екенін айтты.
Артынша Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасап, 19 ақпанда жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Зверев

Зверев на теннисном турнире в Акапулько проиграл Тьену, ранее победившему Медведева






Уголовное дело заведено на экс-ректора НГЛУ из-за махинаций с премиями

Продукты с трансглютаминазой: как проверить качество молока в домашних условиях

Ольга Романив: зеленые флаги в квартире мужчины

Москва вошла в тройку самых освещённых городов мира