Черногория астанасы Подгорицада белгісіз адам АҚШ елшілігінің ғимаратына қарай граната лақтырып, өзін жарып жіберді. Черногория БАҚ-ының хабарлауынша, оқиға 22 ақпан күні таңға жуық уақытта болды. Portalanalitika.me сайтының ақпараты бойынша, жергілікті тұрғындар түн жарымына қарай жарылыс үнін естіген.
Полицияның аты-жөнін атамаған қызметкері Reuters агенттігіне төтенше оқиға болғанын ғана айтып, басқа ақпарат бермеді. Агенттіктің Подгорицадағы фото тілшісі полицияның елшілік орналасқан көшені қоршағанын, елшілік айтарлықтай зақымданғаны байқалмайтынын хабарлады.
Полиция жанкешті делінген адамның өзін не үшін жарып жібергені әзірге белгісіз екенін айтады. АҚШ-тың Подгорицадағы елшілігі қауіпсіздік шарасының күшейтілгенін хабарлап, америкалықтарға Подгорицадағы халық көп жүретін жерлерге бармауға және жағдайды БАҚ-тан бақылап отыруға кеңес берді.
Бұрын Югославия құрамында болған шағын ғана Черногория мемлекеті былтыр мамырда НАТО-ға қосылған. Черногориядағы және Балқан түбегіндегі ресейшіл адамдар елдің НАТО-ға қосылуына қарсы шыққан.
Свыше 6,5 тысячи жителей Москвы и Московской области получили справки о статусе предпенсионера в клиентских службах регионального Отделения СФР и МФЦ
Команда подмосковного главка Росгвардии завоевала серебро в соревнованиях по гиревому спорту Спартакиады «Динамо»
Портативный ТСД корпоративного класса Saotron RT-T70
Заместитель управляющего Отделением Фонда пенсионного и социального страхования Российской Федерации по г. Москве и Московской области Алексей Путин: «Клиентоцентричность - наш приоритет»
A college student put on a free, stage adaptation of Silent Hill 2 'to make a truly frightening theatrical experience' all without an appearance by Pyramid Head
Return of the Phantom, which is basically The Phantom of the Opera but with time travel, is free on GOG
Stressing out waiting for Dragon Age: The Veilguard to download? Here's some Dragon Age ASMR to help mellow your mood
Заместитель управляющего Отделением Фонда пенсионного и социального страхования Российской Федерации по г. Москве и Московской области Алексей Путин: «Клиентоцентричность - наш приоритет»
Обзор автомобиля «Москвич» 3
Как пополнить баланс Playstation Network (PSN) с помощью ваучеров
Свыше 6,5 тысячи жителей Москвы и Московской области получили справки о статусе предпенсионера в клиентских службах регионального Отделения СФР и МФЦ