Астанада трамвай жолдарының құрылысына байланысты қозғалыс шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық) және «LRT» желісінің құрылыс аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінде инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу көзделуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.