Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2018

Франция сыртқы істер министрі Қадыров сөзіне реакция білдірді

0
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Парижде шабуыл жасаған “Шешенстан тумасы” туралы айтқан пікіріне реакция білдірді. 14 мамырда Қадыров шабуыл жасаушының француз қоғамында өскенін, сондықтан оның қылмысына “Францияның өзі жауапты” деп мәлімдеген еді.


Мамырдың 15-і күні Лондонға сапары кезінде France-Presse агенттігінің сұрағына жауап берген сыртқы істер министрі: “Бізге өз елінде құқықтық мемлекет принциптерін мүлде сақтамайтын және мыңдаған шешендердің “Ислам мемлекеті” жағында соғысу үшін кеткенінен хабардар диктатордың кеңесі қажет жоқ. Оның мұндай қылығына шыдай алмаймыз” деді.


12 мамыр күні Парижде пышақ ұстаған ер адам Париж операсына жақын көшеде жұртқа шабуыл жасаған. Шабуылдан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланған. Күдіктінің өзін полиция атып өлтірген.


Бұған дейін франциялық ақпарат құралдары шабуыл жасаған күдіктіні 21 жастағы Шешенстанда туған Хамзат Азимов екенін, 2014 жылы Франция азаматтығын алғанын хабарлаған.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса