ШҚО: Үржардан Астанаға тікелей әуе рейсі қайта жанданады
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Ертең Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан Астанаға қатынайтын әуе рейсі қайта іске қосылады. Бұл бағытта алғаш рет ұшақ қатынасы былтыр ашылған болатын. Ал қысқы уақытта жұмысы тоқтатылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
