AI Трамп-Мирзияев кездесуінде адам құқығы сөз болады деп үміттенеді
АҚШ президентіне жолданған хатта құқық қорғау ұйымы Орталық Азия елі басшысының Ақ Үйге алғашқы сапары “сіз үшін Өзбекстанды ұзақ уақыт бойы кейінге шегеріліп келген адам құқығы реформаларын жасауға ынталандыру бойынша маңызды мүмкіндік болмақ” делінген.
Ұйымның пікірінше, Мирзяев елде бірқатар кең ауқымды саяси және экономикалық реформалар жасай бастаған. Атап айтқанда, күдіктілерді азаптауға тыйым салып, сөз бостандығы шектеулерін жеңілдетіп, құқыққорғаушылар мен журналистерді, белсенділерді босатқан. Алайда ұйым Мирзяевтің Өзбекстандағы адам құқығын жақсарту үшін мұнан да көбірек жасауы керектігін айтып, елдегі құқыққорғаушылар, журналистер мен бұрынғы сотталушылардың еркіндігіне кепілдік беруі тиіс деп есептейді.
