Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2018

АҚШ пен Өзбекстан 4 млрд долларлық келісімге қол қойды

0
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің АҚШ-қа сапары барысында Өзбекстан мен АҚШ арасында құны 4 миллиард долларлық келісім-шарттарға қол қойылу жоспарланып отыр. Бұл турасында америка-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм “Узбекистан 24” телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.


Оның айтуынша, құжаттар сауда, коммерция, инвестиция саласына қатысты. Сауда палатасының төрайымы екі елдің әсіресе, мұнай-газ және түрлі-түсті металлургия бойынша әріптестік орнатуға мүдделі болып отырғанын атап айтқан.


Бұған дейін Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Шавкат Мирзяевтің Ақ Үйге алғашқы сапары мамырдың 15-17 аралығына жоспарланғанын хабарлаған. 


Трамп пен Мирзяев ең алғаш рет 2017 жылы мамыр айында Эр-Риядта өткен араб-мұсылман елдері және АҚШ арасындағы саммит барысында кездескен.


Мирзяев өткен жылы күзде Нью-Йоркке сапарында бірқатар американдық компаниялармен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысқан. Форумның нәтижесінде АҚШ компанияларымен жалпы құны 2,6 миллиард доллар болатын, мұнай-газ, мұнай-химия, машинақұрылыс, электротехника өнеркәсібі және азаматтық авиация саласына қатысты құжаттарға қол қойылған. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса