Алматы базарлары жаңартылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда сауданы заманауи форматқа көшіру және салық түсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мегаполистің барлық базарлары жыл соңына дейін жаңаратын болады. Тағы бес базардың жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталмақ. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.