Тоқаев: Президенттікке Назарбаевтан өзге кандидат туралы айта алмаймын
Төраға "Қазақстанда қазір оны (Назарбаевты - ред.) алмастыра алатын лайықты адам бар ма? деген сауалға "Бұл менің сұрағым емес. Бұл мүлдем басқа сұрақ. Мен өз сөзіме жауап беремін. Мен Қазақстанда халықаралық аренада беделі жоғары елбасы барын айттым. Оны халықтың түгелге дерлігі қолдайды. Сондықтан меніңше, сұхбатта айтылғандардан драма жасаудың қажеті жоқ. Ол (сұхбат - ред.) өте қызықты, әрі ауыр болды. Hard Talk-қа сұхбат беру оңай емесін білесіздер. Дегенмен, бізге ол жерге шығып, Батысқа елде демократияны дамыту үшін, елдің экономикалық әлеуетін көтеру үшін не істеліп жатқанын айту керек болды. Осы тұрғыдан алғанда сұхбат пайдалы болды" деді Тоқаев.
Тоқаевтың Назарбаевтың 2020 жылы сайлауға түсуіне қатысты комментариі
Оқи отырыңыз: "Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын"
Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында "Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы - тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе өзіне байланысты" деген.
Спикердің дегеніне сенаторлар пікірі
