Жас дипломат Әйгерім Сейсембаева: Дипломат адамдардың жүрегін жаулай білуі керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 26 жылдығына орай «Дипломатияның 26 жаңа есімдері» атты ақпараттық жобаны жүзеге асыра бастады. Жоба дипломатиялық қызметтің жас қызметкерлерін ынталандыру мен дипломат мамандығының беделін одан әрі нығайтуды көздейді. Осыған байланысты ҚР СІМ-нің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және ведомствоның орталық аппаратында қызмет істейтін келешегі бар жас дипломаттар туралы ақпарат орналастырылып келеді. Солардың бірі ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің екінші хатшысы Әйгерім Сейсембаева.
