Сатурн серіктерінің бірінен күрделі органика табылды
2011 жылы NASA ғалымдары Энцеладты Күн жүйесінде Жерден кейінгі тіршілік етуге болатын ғаламшар деп атаған. Соңғы анықталған мәлімет бұған дәлел бола алады, бірақ ғалымдар нақты тұжырым жасай алмай отыр. Сатурн спутнигіне оны тереңірек зерттейтін жаңа аппарат жіберілуі мүмкін.
"Кассини" ғаламшараралық станциясы Сатурн мен оның серіктерін 12 жыл зерттеді. Өткен жылы миссия аяқталып, аппарат ғаламшар атмосферасында жанып кеткен. Бірақ ғарыш аппаратынан алынған мәліметтер әлі өңделіп жатыр.
Энцеладаға деген қызығушылық 2004 жылдан соң, зерттеушілер одан 250 километрге жететін су гейзерін тапқан кезде пайда болған. Ғалымдар ғаламшардағы қалың мұздықтың ар жағында мұхит болуы мүмкін және онда микроорганизмдер тіршілік етуі ықтимал деген тұжырым жасаған.
