Елімізде автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. Бұл туралы ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
