БАҚ: Трамп Макронға ЕО-дан шығуды ұсынған
Washington Post газетінің хабарлауынша, 24 сәуірде Трамп Ақ үйде Макронмен кездесуінде одан Францияны ЕО-дан шығаруды сұрап, есесіне Парижге ЕО-дан анағұрлым тиімді жағдайда сауда-саттық келісімін ұсынған. Бұл ақпаратты CNN дереккөздері де растайды.
Ақ үй бұл ақпаратқа комментарий беруден бас тартқан. Бірақ Трмптың ұсынысын терістемеген.
Франция президенті бұған дейін Еуропа елдерінің біріккені маңызды екенін және ЕО-да реформа жүргізу керегін бірнеше рет мәлімдеген.
