Семейде полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Затон полиция бөлімшесінің қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ол күдіктінің ұялы телефонды ұрлау ісіне қатысы барын жасыру мақсатында сыйақы талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
