Қазақстан маунтинбайктен Азия ойындарында қола алды
Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, екі күміс, төрт қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған.
Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.
