Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2018

Microsoft ресейлік хакерлердің белсенділігін байқаған

0
Microsoft компаниясы Ресей билігіне қатысы бар делінетін хакерлердің белсенді қимылға көшкенін хабарлады. Компанияның мәлімдемесінде "хакерлер жалған сайт ашып, күзде өтетін Конгрестің аралық сайлау науқанына араласуға дайындала бастағаны, АҚШ саясаткерлері мен қоғам қайраткерлерінің жеке ақпараттарын ұрлауды мақсат ететіндері" баяндалады.


Associated Pressтің жазуынша, Кремльмен байланысы бар хакерлер АҚШ-тың екі консервативтік зерттеу орталығы - Гудзон институты мен Халықаралық республикалық институты ресурстарын жамылып, жалған интернет-домен жасаған. Тағы үш доменді АҚШ Сенатына тиесілі етіп көрсеткен. 


Microsoft президенті және бас заңгері Брэд Смит америкалық қолданушылар әзірге бұл сайттарға әлі кіре қоймағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ресейлік хакерлердің бұл жолғы шабуылы 2016 жылы өткен сайлаудағыдай бір ғана саяси күшке жәрдемдесу емес, "тұтас демократияға нұқсан келтіруді" көздейді. 


Microsoft мәліметінше операцияға Strontium, кейде Fancy Bear немесе APT28 деп аталатын топ жауапты. Аталған құрылымды бұған дейін арнайы прокурор Роберт Мюллер де өзінің айыптау актісінде атап көрсеткен.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса