Вьетнам президенті "ауыр сырқаттан" қайтыс болды
Чан Дай Куанг 2016 жылы сәуірде елдегі ең жоғарғы заң шығару орган - Ұлттық жиын депутаттарының 90 пайызының даусын иеленіп, президент болған. Ол бұған дейін қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметін атқарған.
Ол министр болып тұрған кезде вьетнамдық саяси белсенділер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары оппозиция өкілдерінің қудаланғаны үшін қоғамдық қауіпсіздік министрлігін бірнеше рет сынаған.
