"АрселорМитталда" қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
Бұған дейін комбинатта құбыр жарылғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
“Сынақ жүргізу кезінде жоғары қысымдағы азоты бар құбыр жарылған. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ешкім зардап шекпеген” деп хабарлады АМТ баспасөз қызметінің жетекшісі Алексей Агуреев 17 желтоқсанда.
10 қарашада комбинаттағы конвертер мен әктас өртеу цехы арасындағы құбырлар желісі құлап, өрт болған. Бұған дейін жергілікті билік апаттан кейін комбинатты толық қуатына желтоқсан айында қосатынын хабарлаған, бірақ кейінірек апат себебін зерттеу мерзімі ұзартылатынын айтып, кейінге шегерген.