Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Reading Zhetysu жобасы жүзеге асты. Енді кез келген оқырман қалаған кітаптарын арнайы аппараттан тегін ала алады. Бірақ ол үшін бес сұраққа жауап беруі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
