Павлодарда азот диоксидінің мөлшері жоғары - жалған ақпарат
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Павлодардағы Затон ықшам ауданында азот диоксидінің шамадан тыс артып кеткені туралы хабар таралды. Алайда метеорологтар бүл экология бекетіндегі ақауға байланысты бұрыс шыққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.