Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы 12 пайызға арзандауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Сатылымы жағынан қосымша құн бойынша салықтан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, ол жариялануы мүмкін, деп хабарлайды kolesa.kz.