АҚШ Конгресінде демократтар әскери парадқа тыйым салуды ұсынды
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында демократтар президент Дональд Трамп ұсынған әскери парад ұйымдастырып, өткізу шараларын қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасын енгізді. «Салық төлеушілер авторитарлық режимдерге тән күш көрсететін өрескел шараны қаржыландырмауы тиіс» деп мәлімдеді Техас штатынан сайланған конгресмен Марк Визи. «Барлық америкалықтар әскеріміздің жанқиярлық қызметіне тәнті, бірақ Трамптың рейтингін көтеру үшін ғана қымбатқа түсетін саяси ойын жасау қарулы күштерімізді қорлап, ресурс құрту болар еді» деді Визи. Читать дальше...