Министрлік: "АрселорМиттал" қоршаған ортаға 1 млрд теңгеден астам зиян келтірген
"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны ауаға зиянды қалдықтар шығарып, 1 млрд теңге көлемінде зиян келтірді. Бұл туралы жұма күні экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, наурыз айында кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Оған зауыттан қызғылт түтін шығып жатқаны жайлы желіде тараған видео түрткі болған. Бұған қоса, Қарағанды облысының экология департаменті ақпан айында ауаға рұқсат етілген нормадан артық қалдықтар тарағанын хабарлаған. Читать дальше...