EURO-2020-дағы Украина құрамасының киім үлгісіне байланысты келісімге қол жетті
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) мен Украина футбол қауымдастығы кеше басталған Еуропа чемпионатына Украина құрамасы ойыншылары киетін киімнің дизайны бойынша келісімге келді. Формада Қырым түбегі қоса бейнеленген карта мен "Украина жасасын!" деген ұран қалдырылады, ал "Батырлардың даңқы арта берсін!" деген ұран жасырылады. Мұның алдында УЕФА киімдегі осы сөзге қарсылық білдіріп, оны алып тастауды сұраған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл – саяси ұран, ал футбол ережелері бойынша додада саяси ұран айтылмауы керек. Читать дальше...