Жаңаөзенде ереуіл тоқтады. Жұмысшылардың бірнеше өкілі Астанаға бармақ
Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" жұмысшыларының ереуілі тоқтады. Бұл жөнінде Азаттыққа мекеме жұмысшысы Ғазиз Махамбетов хабарлады. "Бүгін таңертең жұмысшылардың барлығы жұмысқа шықты. Жұмысшыларды қудаламау және олардың жалақысын 100 пайыз беру туралы келісім жасалған. Жұмысшылар арасынан төрт-бес адам ереуілде айтылған талаптарды ҚМГ-ға жеткізу үшін Астанаға бармақ" деді 5 желтоқсанда түсте Ғазиз Махамбетов. Оның сөзінше, жұмысшыларға "талаптарыңды Астанаға апарып жеткізіңдер" деп шақырған. Читать дальше...