Ресей 2024 жылы Еуропа одағы енгізген эмбаргоға қарамастан, көрші елдер арқылы Батыс компаниялары шығарған мыңдаған мерген мылтық пен миллиондаған оқ алып отыр. The Insider басылымының Чехиядағы Investigace.cz, Италиядағы IrpiMedia мен Қазақстандағы "Власть" сайтының бірлескен зерттеуі осыған айғақ келтіреді.
Журналистер Еуроодақ, АҚШ және Түркия компаниялары кейінгі жылдары Арменияға, Грузияға, Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға қару-жарақ жеткізуді арттырғанын анықтаған. Бұл елдерге жыл сайын ондаған мың қару тасымалданады. Читать дальше...