Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров осы өңірдің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 6 қаңтарда Ақорда хабарлады. Мұның алдында 2022 жылдан бері облысты басқарған Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған. Көшеров әр жылдары Атырау облысы, Шымкент және Ақтау қаласындағы мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған, біраз жыл Астана қаласында салық басқармасында істеген. Читать дальше...