Trump қонақүйінде жарылыс жасаған күдікті ChatGPT-ден көмек сұраған
Американың Лас-Вегас қаласында Trump International қонақүйінде Cybertruck көлігіндегі жарылысты ұйымдастырушы шабуылға дайындалу кезінде генеративті жасанды интеллект ChatGPT-дің көмегін пайдаланбақ болған. Бұл жөнінде Лас-Вегас аймақтық шерифіне сүйенген KNSV арнасы жазды. Жарылыс 1 қаңтарда болған. Электр пикапы қонақүйдің әйнек есігінің маңына тоқтаған. Көліктен түтін шығып, ізінше жарылыс болған. Көлік жүргізушісі қаза болды. Жеті адам жеңіл жарақат алған. Көліктің ішінен пиротехника және жарылғыш заттар табылған. Читать дальше...