21 мауымға қараған түні Тбилисиде, парламент ғимараты алдында жаппай наразылық өтті. Наразылыққа Грузия парламентінде өткен жиында Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Парламентаралық православие ассамблеясы төрағасы Сергей Гавриловтың грузин спикерінің орындығына отырғаны түрткі болған. Түрлі мәлімет бойынша, парламент алдына бірнеше мың адам жиналған. Бұған дейін Сергей Гаврилов Грузияның сепаратистік аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз деп таныған Мәскеудің шешімі өзгермейді деген пікір білдірген.