Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2019

Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

0

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті.

"27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын", - деп жазған Тереза Мэй.

Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта. 




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса