НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады. Шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.