ҚазҰУ - жастар үшін мүмкіндіктер мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – еліміздегі, тіпті әлемдік аренада Қазақстанды лайықты танытатын елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Өзінің мәртебесі мен әсем кампусы арқылы белгілі университет жыл сайын жас түлектердің альма-матері атанып, білім алушылар үшін көптеген мүмкіндіктер жасауда.
Оқу орны құрамына 16 факультет, 67 кафедра, 82 мамандық, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызметтерін қамтиды. Тарихы терең ЖОО-нында 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ, 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың...
