Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2020
1 2 3 4
5
6 7
8
9 10 11 12 13
14
15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30

"Кедей елдер ашаршылық алдында". G20 саммиті Covid індетінің салдарын талқылады

0

21-22 қараша күндері Эр-Рияд қаласында экономикасы мейлінше дамыған немесе даму қарқыны жоғары 20 елдің басшылары Сауд Арабиясының жетекшілігімен саммит өткізіп жатыр. Күн тәртібінде – Covid пандемиясымен және соның салдарынан пайда болған ғаламдық рецессиямен күрес. Ел басшылары коронавирустың тарауы бақылауға алынғаннан кейінгі экономикалық өсімді ынталандыру шараларын талқылап жатыр.

Саммитті ашқан Сауд Арабия королі Салман бен Әбдел Әзиз Covid-пен күрес құралдарына бәрінің бірдей қолы жетуі тиіс екенін айтты дейді "Америка дауысы" радиосы. Әзиз атап өткен құралдарға вакцина да жатады.

Еуроодақ "Үлкен жиырмалыққа" мүше елдерге пандемия жағдайындағы ортақ әрекет туралы халықаралық келісімге қол қоюды ұсынбақ.

Әлемдік экономиканың қалыпқа келуі бірыңғай жүріп жатқан жоқ, ал пандемия көптеген елге ауыр зардап тигізуі мүмкін, дейді Халықаралық валюта қоры. Ал БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің сөзінше, қарызы көп кедей елдер "қаржылай құлдыраудың, жоқшылықтың, ашаршылықың және сөзбен сипаттауға келмейтін қасіреттің алдында тұр".

Бұл мәселені шешу үшін G20 елдері дамушы елдердің несие төлеуін 2021 жылдың ортасына дейін тоқтата тұру туралы мораторийді мақұлдайды деп күтіліп отыр. Мораторий одан әрі ұзартылу құқығымен қабылданбақ, делінген G20 коммюникеcі жобасында.

Германия канцлері Ангела Меркель "Үлкен жиырмалық" саммитінің қатысушыларын мұқтаж адамдардың бәріне коронавирус вакцинасын беру үшін тиімдірек әріптестікке шақырды. Ол қолда бар қаржының бұл міндетті орындауға жетпейтінін айтты. Меркельдің сөзінше, қазір жүріп жатқан халықаралық науқан 2021 жылдың соңына дейін 2 миллиард вакцинаны қолжетімді етуі керек. Ол үшін қазірдің өзінде 5 миллиард долларға жуық қаражат жиналған. Германия үлесі 500 миллион доллардан асады. Бұл туралы "Неміс толқыны" хабарлады.

ТАСС агенттігі Ресей президенті Владимир Путиннің саммитте сөйлеген сөзінің тезистерін жариялады. Ол Ресейдің мұқтаж елдерді вакцинамен қамтамасыз етуге дайын екенін, саммит қатысушыларының тиімді әрі қауіпсіз вакциналарды бәріне қолжетімді ету қажеті жөніндегі мәлімдемесін қолдайтынын айтты. Ресей басшысы сондай-ақ коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалғанын да атап өтті.

"Ресей пандемия салдарын азайту үшін жалпыұлттық ішкі өнімінің 4,5 пайызын жұмсады" деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп G20 елдерінің басшыларымен сөйлесуге екі сағат жетер-жетпес уақыт бөліп, одан кейін гольф ойнауға кеткен. Жоспарға сәйкес, ол саммитке 22 қараша күні де қатысуы тиіс. Трамп 3 қарашадағы президент сайлауында Джо Байденнен жеңіліп қалған, бірақ оны әлі мойындамай отыр.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Айла Томлянович

Теннисистка Шнайдер победила Томлянович и впервые сыграет в третьем круге AO






На Лубянке в Москвы сняли оцепление после проверки подозрительного предмета

Акция по предотвращению трагических случаев на ж/д станции прошла в Ленинском округе

Вильфанд: крещенских морозов в европейской части России не будет

СК возбудил дело после предотвращения нападения на школу в подмосковном Реутове