НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткен адамдардың 2 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.