Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2021

Коронавирус көрсеткіші: Алғаш рет Петербург қаласында көп науқас тіркелді

0
Ірілігі жағынан Ресейде екінші орында тұрған Санкт-Петербург қаласында 4 қаңтарда 3 657 адамнан коронавирус анықталды. Бұл тұтас федерация бойынша ең жоғары көрсеткіш. Пандемия басталғалы бері Санкт-Петербург алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны жағынан Мәскеуден алға шығып отыр. Дүйсенбі күні Ресей астанасында 3 591 науқас тіркелген. 


Шамамен 13 миллион тұрғыны бар Мәскеу қаласында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар екі есеге азайған. Ал Мәскеумен салыстырғанда халық саны екі есе аз Санкт-Петербургте індет бір қалыпты. 


Ресейде барлығы 3,2 миллион адамнан коронавирус анықталған. Ол әлемде науқастар саны бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилиядан кейін төртінші орында тұр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Ресейде ресми түрде 58 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде 8-орында тұр. Бірақ ресми органдардың мәліметі күмән туғызады. 


Премьер-министрдің орынбасары Татьяна Голикова өткен айда 2020 жылы қаңтар мен қараша айында тіркелген жалпы адам өлімі көрсеткішінің 81 пайыздан астамына коронавирус пен соның салдары себеп деп айтқан. Бұл Ресейде коронавирус жұқтырғандар ресми деректе көрсетілген мәліметтен үш есе артық дегенді білдіреді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев вышел в финал теннисного турнира в Дохе






Синоптики спрогнозировали потепление в Приморье в начале предстоящей недели

Сегодня в Бишкеке. Погода, мероприятия, даты

Бестемьянова — о Загитовой: давайте тогда напишем, что и я завершила карьеру

Жителей столичного региона предупредили о скорых 20-градусных морозах