Қазбек, "СК-4" және таңғы түс
«СҚ-4» тағы да танапқа қарай беттеген екен дейді. Енді он шақты рет айналса болды, ат жалындай аз ғана егін бітіп қалады. Кенет, ұйыған кешкі ауаға буалдырланып шөккен шаң арасынан екі кішкентай қыз бала ақ көйлектері желбіреп шыға келді. Тұлымшақтары селтеңдеген олар нәзік қолдарын бұлғап, комбайнның алдын кесе ұмтылды. Шұқанаққа сүрінген әнебір апыл-ғұпыл басқан кішкенесі құлап та қала жаздады.
Руль ұстап отырған Қазбектің жүрегі шым етті. Япырау, Қаламқас пен Дина қайдан жүр?
Бану балаларды бақпай не ай қараған? Комбайнның астына түсер ме екен өздері?
Тежегіш тұтқасына қолын апара берген комбайнер қарабарқын көлеңкелер қалбалақтан қона бастаған танаптарға көз салды. Орылған бидай жалдары...