Бір бума кілт
Жарық түсе қоймаған үй іші ала көлеңке. Терезеге көз салып еді, әйнек-әйнек киіздей тұтасқан қырау. Тұмсығын көрпе шетіне тығып алып, ұйқы соққан тарғыл мысық аяқ жақта қаперсіз бырылдайды.
Қабырғаға ілінген ескі сағат үздіксіз, бірқалыпты таңдай тақылдатады. Қысқа тілі жетіні көрсетуі мұң екен, қоңырауы дыңылдады. Мыңғырлаған талмау дыбыс ұйқылы-ояу кемпірді: «Асықпа! Саспа! Әлі ерте! Ұйықтай бер!»- деп әлдилей түскендей.
Қымтанып қойып, көрпе шетін астына басқан кемпір кедір-бұдырсыз жайма-шуақ өткен өмірі жайлы ой тербеді. Әке-шешеден ерте жетім қалып, жатбауырда жаутаңдап есті. Бойжете келе от пен суда шаруасы шамалы, алдындағы ісін ғана білетін момын жігітке кезікті. Ғұмыры бір-бірінің бетіне тіке қарап, шәлкем-шалыс келген...