Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2021

ШҚО-да қорық басшысы браконьерлік үшін жазаланды

0

Сот Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының бұрынғы басшысы мен мемлекеттік инспекторларына үкім шығарды. Олар заңсыз балық аулап, уылдырық алды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушы тарапта 10 адам болды.

"Күдіктілердің арасында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры, қорықтың мемлекеттік инспекторлары, кәсіпкер және ауыл тұрғындары бар. Олар 2015-2018 жылдар аралығында қорық аумағында уылдырық алып, балықтарды жойып жіберді деген күдікке ілінді", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Күдіктілерге ҚР ҚК-ның бірнеше бабы бойынша айып тағылған: "ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу", "балық ресурстарын заңсыз өндіру","көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сату".
Алайда прокурор қорық директоры ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деген тұжырымын сотта дәлелдей алмады. Сондықтан айыптаудың бұл бөлігі алып тасталған.
Тергеу барысында үш жыл ішінде Марқакөл қорығындағы көлден бір тоннадан аса балық заңсыз ауланғаны анықталды. Олар уылдырығын алғанан кейін балықты жерге көміп немесе жағалауға тастаған. Тінту кезінде күдіктілерден 90 литр уылдырық, 1000-нан аса заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 4 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді.
Кінәлілерге үш жыл мерзімге табиғат қорғау ұйымдарында лауазымды қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен 2 жылдан 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Іс бойынша қалған айыпталушыларды бір жылдан бір жарым жылға дейін бас бостандығынан шектеді.
Сондай-ақ кінәлілерден мемлекетке келтірілген 7,5 миллион теңге сомасында залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Даниил Медведев — в полуфинале турнира ATP, конфликт Малкома с фанатами. Главное к утру






Такие дела

Нутрициолог Чернышова: организм использует съеденный коллаген «по назначению»

В Абхазии открылись избирательные участки на президентских выборах

«Паруса на крыше» – амбассадор «Петербургской кухни»