Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2021

Жамбылда қазақ күресінен аудандық іріктеу турнирі өтті

0

Бүгін дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2021» аудандық іріктеу турнирі болып өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Балуандар мұның алдында ауылдық округтерде күш сынасып, аудандық іріктеуге жолдама алған болатын.

Тартысты өткен турнирге аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы келіп, балуандардың белдесуін тамашалады. Іріктеу турниріне Нұржан Қазыбеков, Рауан Байешов, Нұрхан Бейсен төрелік етті. Нәтижесінде, жүлделі үшінші орынды Нұрлан Қырғызбек еншілесе (Бесағаш ауылы), екінші орынды Сұлтан Серікпай (Бірлесу-Еңбек ауылы) иеленді. Ал бесағаштық Жасұлан Көрпебай «Түйе балуан» атанды. Тараз қаласында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне Жасұлан мен Сұлтан баратын болды.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Сәкен Қаланұлы балуандарды жеңісімен құттықтап, ел барысы атануына тілектестігін білдірді.

Турнирге аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, Nur Otan партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов, «Қазақстан барысы-2016» турнирінің қола жүлдегері, қазақ күресінен ел чемпионы Айбол Айтбек қатысып отырды.

Сообщение Жамбылда қазақ күресінен аудандық іріктеу турнирі өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Стало известно, где будет тренироваться Янник Синнер в период дисквалификации за допинг






Мышление бедняка? Почему не получается зарабатывать больше

Мацуев потерял самого близкого человека — горе пианиста не знает границ

Собянин сообщил, что в Москве установят еще 32 тысяч светильников и фонарей

В Химках пройдет фестиваль «Весна. Победа. Память»