НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 сәуір күні республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнгі уақыттарда солтүстік-батыста жауын-шашын болады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.