"Тарих толқынында" еңбегінің "Алаш мұрасы және осы заман" тарауына мінездеме
Елбасы Н.Ә. Назарбаев ардақты Алаш зиялыларының парасаттылығы, жалпы адамгершілік тұтастығы, көрегенділігінің негізі ертеден бастау алғанымен сөз сарынын бастайды. Алпауыт хандардың іс – әрекеті, түбегейлі жеңісі сол заманның қара қылды қақ жарған ақылгөй – ақсақалдарымен жүзеге асып отырды, халықты бейбіт заманда, ымырашылдықта ұстап, көк аспан төрінде қазақ ұлтының коды негізделіп, орнығып жатты.
Дәл солай, жиырмасыншы ғасырдың басына қарай көз жүгіртер болсақ, Алаш зиялыларының тұлға танытып тұрғандығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қазақтың ұлттық идеясын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуді қолға алған рухани – ізгі тұлғалар бұл аманатты толығымен орындай алды. Қалай дегенмен де бүкіл саналы ғұмырын халқына арнап, жазықсыз айып тағылып, қазақ...