Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев
2021 жылдың 15 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің студенттерімен (ұйымдастырушылар Г.Қозғамбаева, дінтану мамандығының 1-ші курс студенттері) онлайн форматында Мұқағали Мақатаевқа арнап тәрбие сағатын өтті.
Іс-шара барысында студенттер ақынның балалық шағынан бастап шығармашылық өміріне дейін айқындап , тоқталып өтті.
Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды. Ол 1976 жылы қайтыс болды. 1981 жылы Мұқағали есімі көше атауына беріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. 1985 жылы...