РОСТОВ-НА-ДОНУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Ростов облысында жасөспірім басқарған автокөлік жол апатына ұшырады. Соның салдарынан көліктегі алты адамның бесеуі қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні өңірдегі РФ ІІМ Бас басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агеттігіне сілтеме жасап.