НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырда ел астанасы Каирден солтүстікке қарай орналасқан Кальюбия провинциясында пойыз рельстен шығып кетіп, 100-ден аса жолаушы жапа шекті. Бұл туралы осы елдің Al-Youm al-Sabia газетінде басылған провинция билігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.