АҚШ 2021 жылы Еуропа мен Орталық Азиядан 1,5 мың босқын қабылдамақ
"Америка дауысы" радиосының хабарлауынша, Африка елдерінің босқындарына 7 мың, Шығыс Азияға 1 мың, Еуропа мен Орталық Азияға 1,5 мың, Латын Америкасы мен Кариб елдеріне 3 мың, Тауя Шығыс пен Оңтүстік Азияға 1,5 мың виза бөлінген. Бұдан бөлек 1 мың виза резервке қойылған.
Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки жуық арада квота көлемі өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Осыған дейін Байден Америка Құрама Штаттары қабылдайтын босқын санын 62,5 мыңға жеткізуге уәде берген.